07 желтоқсан 2022 | 13:58

Кінәлілер жауапқа тартылады - Смайылов Екібастұздағы төтенше жағдай туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Премьер-министр Әлихан Смайылов Павлодар облысының активімен кездесуінде әкімдік аппаратының басым бағыттарының бірі инфрақұрылымды жаңғырту екенін баса айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов Павлодар облысының активімен кездесуінде әкімдік аппаратының басым бағыттарының бірі инфрақұрылымды жаңғырту екенін баса айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір жылыту маусымы жүріп жатыр. Өкінішке қарай, Екібастұз қаласының жылу желілерінде апат болып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Аянбай жұмыс істеген мамандардың арқасында жылу беру қалпына келтірілді. Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр, нәтижесі шыққан соң кінәлілер жауапқа тартылады. Әкімдік бұл мәселені ерекше назарға алып, жылыту маусымының қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етуі керек", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы ірі өндіріс ошақтарының жұмысына байланысты өңірдегі экологиялық ахуал күрделі екеніне назар аударды. Республика бойынша шығарындылардың жалпы көлемінің шамамен 30 пайызы Павлодар облысына тиесілі. Осыған байланысты облыс басшылығы зиянды өндірістік шығарындылардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі жұмысқа ден қоюы қажет.

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, кәсіпорындар өндірістік процесті жаңғыртуға, инвестицияларды ұлғайтуға, жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге көңіл бөлуі тиіс", - деді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная