Князь Альбер II Назарбаевқа Монако павильонын көрсетті

Монако павильоны

?Р Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Монако Князі ІІ Альбермен бірге Монако Княздігіні? ?лтты? павильонын аралап к?рді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монако Князі ІІ Альбермен бірге Монако Княздігінің ұлттық павильонын аралап көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаевқа Монаконың ұлттық павильонында  энергетикалық тұрғыда "жасыл экономикаға" өтудің проблемаларына арналған экспозициялар және Княздікте қолданылатын үздік тәжірибелер көрсетілді.

Мемлекет басшысы "Болашақтың бейнесі" атты инсталляциямен, Монаконың аумағын кеңейту жөніндегі жобаның макетімен, "Жасыл зертхана" секциясымен және күн энергиясымен жүретін велосипед сияқты басқа да экспозициялармен танысты.

Реклама
Реклама

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Монако Княздігі ұлттық павильонының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, ІІ Альберге Қазақстанның "Нұр Әлем" ұлттық павильонын көрсетті. Онда екі елдің көшбасшылары уранды жерасты ұңғымалы тазарту әдісін, "Токамак" термоядролық реакторының интерактивті макетін және Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған басқа да экспозицияларды көрді.

Монако Княздігі ұлттық павильонының тақырыбы - "Болашақтың бейнесі". Онда 2025 жылға қарай теңіздің 6 гектарында құрылыс жүргізу арқылы Княздік аумағын кеңейту жөніндегі шешімдерге арналған экспозициялар, экологиялық орнықтылық пен экологиялық мобильділік саласындағы жобалар қойылған. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама