ПОДЕЛИТЬСЯ
12 желтоқсан 2022 | 12:35
Қоғам әділ шаралар күтіп отыр - Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" туралы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел премьер-министріне "АрселорМиттал Теміртаудағы" оқиғаны бақылауда ұстауды тапсырды. Мемлекет басшысы қоғамның әділ әрі шұғыл шаралар күтіп тұрғанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, өндірістік жарақаттану проблемаға айналды. Мемлекет басшысы осы жылдың 11 айында өндірісте 1124 қызметкер зардап шекті, оның 157-сі қаза тапты деген статистиканы келтірді.
"Жекелеген кәсіпорындарда адам шығынымен болған апаттар жүйелі сипатқа ие болды. Әңгіме, оның ішінде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы туралы болып отыр. 2006 жылдан бастап кәсіпорында 20-дан аса апат орын алып, 100-ден аса азаматымыздың өмірін қиды. Тек осы жылы 14 адам қаза болды, оның ішінде өткен аптада бір қызметкер. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың есептеріне сәйкес, компания еңбек, экологиялық және салық заңнамасын бұзады, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Қоғам әділ және шұғыл шараларды күтіп отыр. Осы мәселені тікелей премьер-министрдің бақылау алуына тапсырамын", - деп атап өтті Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылай келе.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также