30 тамыз 2019 18:26

Қоғам белсендісіне шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған әкім қызметінен босатылды

Нұрғали Аппазов. Фото: akimat-talgar.gov.kz

Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов аудандық округінің әкімі Нұрғали Аппазов 28 тамызда қызметінен босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғар аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов аудандық округінің әкімі Нұрғали Аппазов 28 тамызда қызметінен босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғар аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Панфилов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы қызметіне Нұрсәуле Мықтабаева келді.

Реклама
Реклама

Нұрғали Аппасов бұл қызметке 2015 жылдың желтоқсанында тағайындалған. Сондай-ақ, әкімнің жүргізушісі Ғани Смановтың әлі күнге дейін Панфилов ауылдық округінің әкімдігінде қызмет етіп жүргені айтылады. Ол жұмыстан босатылмаған.

27 тамызда Талғар ауданының әкімі Рыскелді Сәтбаев комиссия мүшелерімен бірге Қарабұлақ ауылына келген. Нәтижесінде қоғам белсендісі Галина Арзамасова айтқан шағымдар расталып, округ әкімін қызметінен босату туралы шешім қабылданған.

Мұның алдында Алматы облысында белсендіге оқ атты деген күдікпен әкім мен оның жүргізушісінің ұсталғаны жайлы хабарланған болатын. Полициядағылардың мәліметінше, белсендіге оқ атты деген күдікпен Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов аудандық округінің әкімі Аппазов Нұрғали Әділбекұлы мен оның жүргізушісі Сманов Ғани Хамидинұлы ұсталған. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, бұл оқиға 26 тамызда болған еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram