17 ақпан 2022 21:25

Қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз керек - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент
© Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыру керек екенін және пайдалы жұмыс істеймін дегендерге мүмкіндік аз емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыру керек екенін және пайдалы жұмыс істеймін дегендерге мүмкіндік аз емес екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз керек. Турасын айтайық, бұл қазір ең өзекті мәселе болып тұр. Азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең басты орынға қоюы қажет. Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ол, ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты", - деді Тоқаев сұхбатында.

Ол елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Біздің жастарымыз осыны айқын ұғынса деймін. Елімізде белгілі теріс факторларға қарамастан, тиімді, пайдалы жұмыс атқаратын мүмкіндіктер аз емес. Жақсы мен жаман туралы ұлы Абайдан асырып ешкім айта алмас. Сондай-ақ ойшыл ақынның "талап, еңбек, терең ой, қанағат және рақым" деген даналығының да мәні зор. Бұл қағида бізге, әсіресе осы заманда ауадай қажет", - деді ол.

Бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 17 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа сұхбаты шығатынын мәлімдеген болатын.

Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram