06 желтоқсан 2021 | 11:17

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды

Фото: pixabay.com

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоны рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоны рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы еліміздегі әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы № 706 бұйрығына сәйкес "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында дрон аппаратын рұқсатсыз ұшыруға тыйым салынды.

"Бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі және тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында маңызы зор. Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғау аймағы - 88,7 гектар. Аталған аумаққа Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім кесенелері мен сегіз қырлы сағана, жерасты қылуеті, жұма мешіті, Күлтөбе қалашығы және хан ордасы мен хан мешіті сынды тарихи объектілер кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная