29 қазан 2019 | 12:13

"Көк-Жайлау" жобасымен айналысуға тыйым саламын - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да Көк-Жайлауда тау-шаңғы шипажайын салу жобасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да Көк-Жайлауда тау-шаңғы шипажайын салу жобасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда жұмыс сапары барысында өтіп жатқан жиналыста Президент шипажайды салу жобасының құрылысы проблема екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Қайтадан осы мәселеге оралмау үшін мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни Көк-Жайлауда тау-шаңғы шипажайын салуға. Ол бізге керек емес", - деді Қасым Жомарт Тоқаев. 

"Сондай-ақ, оған бүкіл кәсіби экологтар мен қоғам қарсы", - деді ол.

Осыған дейін Алматы әкімдігі Көк-Жайлауда құрылыс әзірше басталмайтынын айтқан еді. 

"Өсек-аян болмауы үшін тікесінен айтайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шипажай құрылысын кейінге қалдыру туралы тапсырмасы бар. Әкімдік осы тапсырманы ұстанады. Басқа бірдеңе қарастырылмайды және талқыланбайды", - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров. 

Сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев "Көк-Жайлау" жобасын кейінге қалдыру ұсынысын қолдаған. 

"Алматы қаласы əкімі Б.Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды", - деп жазған еді сол кезде Мемлекет басшысы. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная