ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мамыр 2020 | 16:13
Көк-Жайлауда джиппен жүрген полицейлердің видеосы: Алматы ПД мән-жайды түсіндірді
Әлеуметтік желілерде Көк-Жайлауға джиппен келген полицейлердің фото-видеолары тарап жатыр, тұрғындар тәртіп сақшыларын ереже бұзды деп айыптады, алайда Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде Көк-Жайлауға джиппен келген полицейлердің фото-видеолары тарап жатыр, тұрғындар тәртіп сақшыларын ереже бұзды деп айыптады, алайда Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметі куәгерлердің фото және видеолары Бостандық аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері ТЖД және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен бірлесіп таулы жерлерде демалушылардың табиғатты қорғау, карантин және санитарлық нормаларды сақтауы үшін рейдте жүрген кезінде түсірілгенін түсіндірді.
"30 мамырда сағат 11:00-де біз табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен бірге Көк-Жайлау аумағында келушілермен профилактикалық жұмыс жүргіздік. Патруль көлігі жоғары көтеріле алмағандықтан, менің жеке Toyota Land Cruiser көлігіммен шығуға тура келді, ал патрульдік көлікті экобекетте қалдырдық. Іле-Алатау МҰТП аумағында тәртіп орнатуға, тазалық, от жағу, заңсыз аң аулау сынды тәртіп бұзушылықтарды анықтауға ықпал етіп жүрген полицияға рақмет", - деді Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Алексей Поценко.
Сондай-ақ, полицейдің айтуынша, таулы жерлерде жалпы қалалық жаттығу 29 мамырда басталған, ол бірнеше кезеңмен өтеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также