03 қыркүйек 2021 17:10

"Көк" статусы бар алматылықтар демалыс күндері қандай нысандарға кіре алады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері "көк" статусы бар алматылықтар Ashyq бойынша жұмыс істейтін қандай нысандарға кіре алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері "көк" статусы бар алматылықтар Ashyq бойынша жұмыс істейтін қандай нысандарға кіре алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшин соңғы қаулысына сәйкес көп бизнес нысаны демалыс күндері "жасыл" сатусы бар келушілерді ғана қабылдайтынын айтты. Алайда екпе алмаған немесе вирус жұқтырып, жазылған тұрғындар бұл мекемелердің көпшілігіне кіре алмайды. 

"Көк" статусы бар тұрғындар қалааралық тұрақты тасымалдар, қонақ үйлер мен әуежайлар, теміржол вокзалдары, білім беру нысандары, жоғары оқу орындары, колледждер, интернаттар мен жатақханалар сияқты мекемелерге кіре алады. 4 қыркүйектен бастап  Ashyq нысандары түнгі 12-ге дейін және Ashyq "көшбасшылары" түнгі екіге дейін жұмыс істей алады.

"Жасыл" статусы бар азаматтар - бұл екпе алған, ПЦР нәтижесі теріс, жеті күнге жетпейтін ПТР-анықтамасы бар, соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдар, сондай-ақ вакцина салғызбауға рұқсаты бар адамдар", - деп хабарлады Жандарбек Бекшин.

Реклама
Реклама

Бекшиннің айтуынша, 6 қыркүйектен бастап жұмыс күндері Ashyq нысандары "көк" статусы бар тұрғындар үшін де түнгі 12-ге дейін, ал Ashyq "көшбасшылары" үшін түнгі 2:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram