Көкжайлауда жоғалған ирандық студент аман-есен табылды

Көкжайлауда жоғалған ирандық студент аман-есен табылды Иллюстрациялық фото:depositphotos.com

Алматыдағы Көкжайлау шатқалы маңында ирандық студент туристік топтан қалып қойып, байланыссыз қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыдағы Көкжайлау шатқалы маңында ирандық студент туристік топтан қалып қойып, байланыссыз қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға туристер таудан төмен түсіп келе жатқан кезде болған. Топтан қалып қойған жас жігіттің ұялы телефоны байланыс аясынан тыс жерде болғандықтан, онымен хабарласу мүмкін болмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қазақстан ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының тобы дереу шықты.

Жарнама
Жарнама

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен соң таулы аумақты шолып, іздеу жұмыстарына кірісті. Іздестіру түнгі уақытта, көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайда жүргізілген.

Кейін студент Көкжайлау шатқалынан төменірек жерден табылды. Ол тау бөктерінде ұйықтап жатқан.

Тексеру кезінде жас жігітке медициналық көмектің қажеті жоқ екені анықталды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге түсіріп, қалаға жеткізді.

ТЖМ тауға шығар алдында жақындарға бағыт пен қай уақытта оралу жоспарланғанын алдын ала хабарлау қажет екенін еске салды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде алматылықтарға тауда гүлдеп жатқан қауіпті өсімдік туралы ескерту тараған еді. Әңгіме "күймейтін бұта" немесе ясенец деп аталатын өсімдік туралы болып отыр. Мамандар бұл өсімдікке жанасу теріні күйдіріп, адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін ескертеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама