Көкшетауда қайыр тілеп жүрген өзбекстандық еліне қайтарылды

© pensioner46.ru

А?мола облысында ?о?амды? жерлерде ?айыр с?ра?ан ?збекстан азаматы ?аза?стан территориясынан шы?арылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында қоғамдық жерлерде қайыр сұраған Өзбекстан азаматы Қазақстан территориясынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көкшетауда Өзбекстан азаматы ұзақ уақыт бойы қайыр тілеумен айналысып келген. Ол осы әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ойламаған да. Бұл үшін заң бойынша бес тәулікке қамауға алынады немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылады. 

Әйел адам Көкшетау ІІБ көші-қон қызметінің мамандары жүргізген рейд барысында ұсталды. Оның әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы, 3-бөлігі ("Шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер, қоғамдық орындарда тиісу") бойынша хаттама толтырылды. 

Реклама
Реклама

Жалпы 2017 жылы он айдың ішінде Ақмола облысында  ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 4115 шетелдік азамат (Оның ішінде 3719 адам уақытылы тіркеуге тұрмағаны үшін, ал 396 адам заңсыз еңбек ету әрекеті үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама