ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2019 | 11:04
Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды
Бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысы әкімінің үкімімен биыл 3 сәуірде ҚР Президенті әкімшілігімен және қалалық мәслихат келісімімен Смаилов Амангелді Халауденұлы Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.
Амангелді Халауденұлы 1962 жылы дүниеге келген, Сібір Еңбек Қызыл Ту орденді автомобиль-жол институтын инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Омбы облысы Станический совхозында құрылыс цехының шебері болып бастаған.
1993-2011 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, "Реал НГП" ЖШС, "СК Ауыл Газ"ЖШС директоры қызметтерін атқарған.
2011-2014 жылдары Көкшетау қаласындағы "ENKI" ЖШС директоры болды.
2014-2015 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қараша айынан бастап Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Показать комментарии
Читайте также