16 қаңтар 2023 | 17:44

Көкшетау - Қызылорда пойызында 54 жастағы әйел қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

2023 жылғы 14 қаңтарда Жамбыл облысының Сарышаған станциясына жақындағанда "Көкшетау - Қызылорда" бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде Астанадан Шымкентке дейін күйеуімен бірге жолға шыққан 54 жастағы азаматша кенеттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2023 жылғы 14 қаңтарда Жамбыл облысының Сарышаған станциясына жақындағанда "Көкшетау - Қызылорда" бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде Астанадан Шымкентке дейін күйеуімен бірге жолға шыққан 54 жастағы азаматша кенеттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, сол күні Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталған, ал мәйіттен қылмыстық сипаттағы өлім белгісі анықталмаған.

"Тексеру барысында әйелдің 2019 жылдан бастап Астанадағы ауруханалардың бірінде созылмалы аурумен есепте тұрғаны белгілі болды. Пойыз жолсеріктерінің келісімімен, күйеуі әйелінің мәйітін оралған күйінде пойыздың жұмыс істемейтін тамбуры арқылы Шымкент станциясына дейін тасымалдап, жеткізген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ер адам сот-медициналық сараптамадан үзілді-кесілді бас тартқан. Қазіргі уақытта пойызда мәйітті тасымалдау дерегі бойынша материал Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная