27 қыркүйек 2021 | 15:07

Көкшетау мен Қостанайда қар жауды

Дина Шарипханова Корреспондент

27 қыркүйекке қараған түні Қостанай облысы мен Көкшетауда биыл күздегі алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

27 қыркүйекке қараған түні Қостанай облысы мен Көкшетауда биыл күздегі алғашқы қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер бұған дейін Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын қарға ұласуы мүмкін екенін ескертсе де, алғашқы жауын-шашын Қостанай облысының автокөлік жүргізушілері үшін күтпеген жағдай болды.

"Бұл видеоны редакцияға Бейімбет Майлин атындағы ауданнан жіберді. Бүгін таңертең онда қар жауған", - деп жазды Қостанай туралы жаңалықтарды Instagram-да. 

Реклама
Реклама

Қостанайлықтар да бүгін алғашқы қарды байқаған. Алайда, олардың айтуынша, қаладағы қар тез еріп кеткен.

Ақмола облысына да қалың қар түсті. Көкшетау тұрғындары әлеуметтік желілерде қар жергілікті жүргізушілерге көптеген қолайсыздық туғызғанын жазып жатыр.

"Қазгидромет" мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының көп бөлігі циклон әсерінде болады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная