Көкшетау тұрғындары қала орталығындағы қираған мүсіндерге шағымданды

Көкшетау тұрғындары қала орталығындағы қираған мүсіндерге шағымданды Видеодан кадр / КТК

Көкшетау тұрғындары қала орталығындағы мүсіндердің мүшкіл халіне наразы. Көпшілікке танымал сәулет ансамбліндегі жарықтар мен мүсін бөлшектерінің сынып жатқаны жұрттың үрейін туғызған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Көкшетау тұрғындары қала орталығындағы мүсіндердің мүшкіл халіне наразы. Көпшілікке танымал сәулет ансамбліндегі жарықтар мен мүсін бөлшектерінің сынып жатқаны жұрттың үрейін туғызған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Адам мен табиғаттың киелі байланысын бейнелейтін композиция қалалық амфитеатр мен белгілі сауда үйінің жанында - қала тұрғындары мен қонақтары көп жиналатын демалыс орнында орналасқан.

Тұрғындардың айтуынша, сәулет кешені күн санап қирап барады. Тұлпар мүсіндерін жарықтар басып, бояуы оңған. Ал асау арғымақты ауыздықтап тұрған жігіт мүсінінің тіпті темір қаңқасына дейін қолы сынып қалған.

Жарнама
Жарнама

Шенеуніктер тұрғындарды сабырға шақырып, тек осы композицияны ғана емес, сонымен қатар барлық мәдени ескерткіштер мен тоғыз саябақ аймағын ретке келтіруге уәде берген. Бұл мақсатқа 16 миллион теңге қарастырылған.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі биыл мердігер ұйыммен үш жылдық шартқа отырды. Қазіргі уақытта бөлім тарапынан аталған саябақты жөндеу үшін сметалық құжаттама әзірленіп жатыр", - деп түсіндірді Көкшетау қаласы әкімдігінің ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Мұрат Ғабдуллин.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама