Көкшетау тұрғыны айып тұрағынан көлігін аламын деп басы бәлеге қалды

Айнұр Қапышова Корреспондент
Көкшетау тұрғыны айып тұрағынан көлігін аламын деп басы бәлеге қалды Фото: Tengri Auto / Виктория Лебедева

Көкшетау тұрғыны көлігін жалған құжатпен алып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетау тұрғыны көлігін жалған құжатпен алып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам көлікті беру туралы рұқсат қағазын көрсеткен, алайда полицейлер оның түпнұсқа екеніне күмән келтірді. Олар құжаттағы мөр жалған екенін алдын ала анықтады.

Жүргізуші мас күйде басқарған автокөлік 2025 жылдан бері айыптұрақта тұрған. Сондай-ақ 2018 жылдан бері бұл көлік Ресейде іздеуде жүргені белгілі болды.

Реклама
Реклама

Жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.

Полицейлер жүргізушілерді мәселені шешу үшін заңсыз тәсілге жүгінбеуге шақырады. Заңды айналып өту әрекеттері заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама