Көкшетау тұрғыны үйіне жету үшін бөтеннің көлігін ұрлап кеткен

Фото:polisia.kz

Көкшетауда 20 жастағы жігіт үйіне жетудің ерекше тәсілін таңдап, бөтеннің ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін айдап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетауда 20 жастағы жігіт үйіне жетудің ерекше тәсілін таңдап, бөтеннің ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін айдап әкеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 ақпанда көлік иесі полицияға жүгініп, автокөлігі жоғалғанын хабарлаған. Алайда ол көлігін екі күн бойы тексермегенін, сондықтан ұрлықтың нақты қашан болғанын білмейтінін айтқан. Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жүрген жолы анықталды.

Полиция мәліметінше, 3 ақпанға қараған түні мас күйдегі тұрғынның көлікке көзі түсіп, кілті ішінде тұрғанын байқаған. Көлік есіктері жабық болған. Ол жүксалғыш арқылы ішке кіріп, машинаны оталдырған. Үйіне жеткеннен кейін көлікті көшеге қалдырып кеткен.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама