Көкшетауда бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Көкшетауда бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетауда бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктіні ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері 31 қазанда ұстаған.

"39 жастағы азамат танысынан 400 мың теңге талап ететіні және ол бас тартқан жағдайда физикалық зорлық-зомбылыққа қауіп төндіретіндігі белгілі болды. Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны, бірнеше жыл бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны және ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Жеке тінту кезінде құқық қорғау органдары ұсталған адамнан ақша, суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткіге ұқсас зат тәркіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тыйым салынған заттың құрамы мен салмағын сараптама анықтайды. ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды, одан әрі жедел және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу кезеңінде күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама