06 қаңтар 2025 | 09:36

Көкшетауда дәрігерлер төрт жасар баланы құтқару үшін бес сағатқа жуық ота жасады

©️ instagram/nayzakokshe

Ақмола облыстық балалар ауруханасының хирургтары төрт жасар баланы құтқару үшін бес сағатқа жуық ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облыстық балалар ауруханасының хирургтары төрт жасар баланы құтқару үшін бес сағатқа жуық ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.

2 қаңтарда Зеренді ауданының кішкентай тұрғыны қатты құсу және іштің ауырсынуына шағымданып, шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Рентген оның ішегінде бөгде зат бар екенін көрсеткен.

Анасының айтуынша, 31 желтоқсанда ол баласының аузынан бірнеше магнитті шариктерді алып шыққан. Бірақ сол кезде бала әлдеқайда көп шарикті жұтып қойғаны белгілі болды. Бір рет құсу ата-анасын алаңдатпаған, олар бала шамадан тыс тамақтанып қойды деп ойлаған. Алайда баланың жағдайы нашарлап, оны тек үшінші күні ауруханаға алып келгені айтылды.

Реклама
Реклама

"Баланы тез арада тексеріп, шұғыл операцияға дайындау үшін реанимацияға жатқыздық. Өйткені уақыт өтіп кеткендіктен, бөгде заттар тоқ және аш ішекке тарап кеткен. Операцияны біздің тәжірибелі дәрігеріміз, бөлім меңгерушісі Ернар Қожабеков жүргізді, ал мен ассистент болдым. Лапароскопиялық монитордың көмегімен 39 магнитті шарикті алып шықтық! Үш күн ішінде олар ішекті зақымдап, оның қабырғаларын тесіп, тоқ және аш ішекті жарақаттаған. Бұл операцияны қиындатты. Сондықтан ол бес сағатқа созылды. Сонымен қатар, осы жарақаттардың салдарынан перитонит дамыған. Ішектегі жаралар іріңдеп кеткен", – деді балалар хирургі Сәлімжан Жақыпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная