ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2020 | 17:30
Көкшетауда көлікте өмір сүрген әке мен бала әкімдіктен көмек ала алмады
Автокөлікте эпилепсиямен ауыратын ұлымен бірге өмір сүрген көкшетаулық Эсхаджи Қадыров әкімдіктен уәде етілген көмекті әлі алмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Автокөлікте эпилепсиямен ауыратын ұлымен бірге өмір сүрген көкшетаулық Эсхаджи Қадыров әкімдіктен уәде етілген көмекті әлі алмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Эсхаджи Қадыров журналиспен телефон арқылы сөйлесіп, қазір ұлымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатқандарын айтты. Баспананы бір "коммерсант" төлеп отыр екен, оның есімі жасырын қалды.
"Мен бұл адамға өзім жеке алғыс айтқым келген, бірақ ол өзін жасырып қалды. Оның көмегінсіз не істерімізді білмеймін. Ол осы жаңалықты оқып отырса, мен оның барлық игі істері жүз есе қайтқанын қалаймын", - деді ер адам.
Көкшетау әкімдігі уәде еткен пәтерге келетін болсақ, Эсхаджи Қадыровтың айтуынша, оқиға жарияланғаннан бері екі айға жуық уақыт өтті, бірақ ешқандай нәтиже жоқ.
"Облыс әкімінің қабылдауына кіруге тырыстым, бірақ мені қабылдамады. Ешқандай пәтер берілмейді. Әкімдіктен ешқандай көмек болған жоқ", - деп шағымданды ер адам.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та қиын жағдайға тап болған отбасы туралы мақала жарияланған. Ер адам алаяқтардың кесірінен далада қалғанын айтқан. Жарияланымнан кейін көптеген жанашыр қазақстандық ер адамға көмектесті.
Көкшетау әкімдігінің қызметкерлері Эсхаджимен хабарласып, пәтермен көмектесуге де уәде бергені хабарланған.
Бұған дейін әкесі мен оның эпилепсиямен ауыратын баласы Көкшетауда төрт ай бойы автокөлікте тұрғаны хабарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также