Көкшетаулық шенеунік пен 9 жүргізуші мұнай өнімдеріне қатысты схема ұйымдастырған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Көкшетау соты Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Көкшетау соты Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Сот алдында бұрынғы инспекция бөлімінің басшысы, делдал және тоғыз жүргізуші болған.

Тергеу барысында лауазымды тұлғаның делдал арқылы тиісті рұқсат құжаттары жоқ, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын өрескел бұза отырып мұнай өнімдерін тасымалдауға жалпы қамқорлық көрсеткені үшін жүйелі түрде пара алғаны анықталған.

Реклама
Реклама

"Сот барлық фигуранттарды пара алу және беру дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Көлік прокурорының өтінішхатын қанағаттандырып, сот Көліктік инспекциядағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің атына жеке ұйғарым шығарды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама