25 қаңтар 2021 | 15:17

Көкшетаулықтар жаппай вакцинацияға байланысты алаңға шықты

Видео кадры

Көкшетаудың ондаған тұрғыны орталық алаңға жиналып, қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсы шықты. Көкшетаулықтар қарсылығын білдіріп, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетаудың ондаған тұрғыны орталық алаңға жиналып, қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсы шықты. Көкшетаулықтар қарсылығын білдіріп, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде "Көкшетауда митинг басталды" деп тараған. Шамамен 50 адам шыққан. Видеода ер адам жаңа заң жобаға қатысты ойын айтқан.  

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НАРОДНЫЙ ПАБЛИК КОКШЕТАУ (@kokshevideogram)

Ақмола облысының әкімдігі жергілікті тұрғындар 25 қаңтарда сағат шамамен 11.00-де Тәуелсіздік алаңында жиналғанын айтады. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы мен жаппай вакцинациялауға қатысты видеоүндеу жасамақ болған. 

"Бұл мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат басқармасының басшысы, Көкшетау әкімінің орынбасары және құқық қорғау органдарының басшы қатысты", - деп түсіндірді Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная