Көктайғақ және бұрқасын - 7 наурыздағы ауа райы болжамы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

"Қазгидромет" Қазақстан тұрғындары үшін 7 наурыз, жұма күнгі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" Қазақстан тұрғындары үшін 7 наурыз, жұма күнгі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

Ауа райы құбылмалы, кейде қар жауады, төменгі боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, түнде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -2...-4°C.

Реклама
Реклама

Алматы

Құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кешке тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 5-10 м/с, күндіз екпіні 18 м/с. Түнде температура 0°C шамасында, күндіз +5...+7°C.

Шымкент

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашын, күндіз кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 8-13 м/с, таңертең және күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +3...+5°C.

Ақмола облысы

Қар, боран, көктайғақ. Батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -5...-10°C, күндіз -2...-7°C.

Алматы облысы

Түнде солтүстікте, батыста жауын-шашын, күндіз барлық жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда кейде қатты жауын-шашын. Кешке тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 9-14 м/с, оңтүстікте екпіні 18-28 м/с. Температура түнде -2...+3°C, таулы аймақтарда -5...-10°C, күндіз +5...+10°C, солтүстікте және таулы аймақтарда -3...+2°C.

Жетісу облысы

Түнде солтүстікте жауын-шашын, күндіз барлық жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда кейде қатты жауын-шашын. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Жел батыстан 9-14 м/с, таулы аймақтарда 15-28 м/с. Температура түнде 0...-5°C, таулы аймақтарда -8°C, күндіз +4...+9°C, таулы аймақтарда -1°C.

Түркістан облысы

Жауын-шашын, таңертең және күндіз батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Таулы аймақтарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 8-13 м/с, кей жерлерде 15-28 м/с. Температура түнде 0...+5°C, таулы аймақтарда -3°C, күндіз +3...+8°C, таулы аймақтарда 0°C.

Батыс Қазақстан облысы

Жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ. Батыста, солтүстікте тұман. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Температура түнде -5...0°C, күндіз -2...+3°C.

Атырау облысы

Түнде солтүстікте, оңтүстікте, шығыста қар, төменгі боран, күндіз солтүстік-шығыста жаңбыр, қар, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Температура түнде -1...-6°C, күндіз +2...+7°C.

Маңғыстау облысы

Түнде жаңбыр, қар, солтүстік-шығыста боран, күндіз кей жерлерде жаңбыр. Тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 17-25 м/с. Температура түнде 0...+5°C, солтүстік-шығыста -3°C, күндіз +5...+10°C, солтүстік-шығыста 0°C.

Ақтөбе облысы

Түнде қар, күндіз жаңбыр, қар, батыста және орталықта боран. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-18 м/с. Температура түнде -1...-6°C, солтүстік-шығыста -9°C, күндіз -3...+2°C.

Қостанай облысы

Түнде оңтүстікте, шығыста қар, боран, күндіз кей жерлерде жаңбыр, қар, көктайғақ. Тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Температура түнде -7...-17°C, күндіз -8...0°C.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде қар, боран, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста қар, боран. Батыста тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Температура түнде -7...-16°C, күндіз -4...-9°C.

Павлодар облысы

Түнде жауын-шашын, күндіз аздап жаңбыр, қар. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Температура түнде -2...-7°C, күндіз -3...+2°C.

Қарағанды облысы

Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, күндіз солтүстікте қар, оңтүстікте жаңбыр, қар, боран. Көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-23 м/с. Температура түнде -1...-9°C, күндіз -1...+2°C.

Ұлытау облысы

Жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде боран, күндіз төменгі боран. Көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Температура түнде және күндіз -5...0°C.

Шығыс Қазақстан облысы

Жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ, кей жерлерде қатты жауын-шашын. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-28 м/с. Температура түнде -4...+1°C, күндіз -3...+5°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама