Көктайғақ және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 13 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 13 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңерең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, түнде 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Қонаев қаласы: 13 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама