01 наурыз 2023 16:07

Көктемде қанша қазақстандық әскер қатарына шақырылады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Көктемде қанша қазақстандық әскерге шақырылуы керек екені белгілі болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көктемде қанша қазақстандық әскерге шақырылуы керек екені белгілі болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 1 наурызда Қазақстан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шаралар басталды. Процедура 18 бен 27 жас аралығындағы ер адамдарға қатысты.

Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының бастығы, полковник Артықов Бауыржан биыл көктемгі мерзімді әскери қызметке барлығы 18 мыңға жуық азамат шақырылуы керек екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Оның ішінде 7 мыңнан аса адам Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінде, 6 мыңнан астамы - Ұлттық ұланда, 3 мыңнан астамы - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, ТЖМ-де - 300-ден астам, ал Мемлекеттік күзет қызметінде - 80-нен астам адам қызмет етеді", - деп қосты Артықов Бауыржан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram