14 наурыз 2019 | 15:51

Көктемде Қазақстанның қай өңірлерін су басу қаупі бар

© Tengrinews.kz

Ресейден келетін өзен тараулары Батыс Қазақстан облысында су тасқынына себепші болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейден келетін өзен тараулары Батыс Қазақстан облысында су тасқынына себепші болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Батыс Қазақстан облысы аумағындағы жағдай күрделірек. Бірақ ауа температурасы түнде нөлдік геотермияға жақындап келеді. Күндіз еріген су түнде қайта қатып жатыр, яғни еріген су біртіндеп буға айналады. Сол себепті айтарлықтай су тасқыны қауіпі сейіліп келеді", - деді брифингте ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Реклама
Реклама

Ресеймен шекаралас аумақтарда құтқарушылар бірлесіп гидротехникалық құрылыстарға мониторинг жүргізеді.

"Біздің Ресей ТЖМ-нен келген әріптестеріміздің мәліметі бойынша, Саратов және Орынбор облыстарының аумағында орналасқан су басуды қалыптастыруы мүмкін үлкен қар қоры мен ағындар БҚО-да су тасқынына алып келуі мүмкін. Қажет болған жағдайда күш-жігерді көмек қажет ететін өңірлерге көшіру жоспарланып отыр", - деді Ильин.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысындағы Нұра өзені бойындағы елді мекендер мен Ақмола облысындағы Атбасар қаласы құтқарушылардың бақылауында тұр. 

"Атбасар әкімдігі жергілікті және республикалық бюджет есебінен қоныс аудару, су қорғау аймағын босату бойынша бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. Қазірдің өзінде 400-ден аса үй бұзылып, адамдарды жайлы пәтерлерге көшірді. Бағдарлама бойынша 11 көпқабатты тұрғын үй салынды, бұл бағдарлама осы және келесі жылдары жалғасатын болады. Менің ойымша, келесі жылы біз республикалық бюджет және әкімдіктің жұмысы есебінен Атбасармен мәселені толығымен шешеміз", - деп сендірді Министрдің орынбасары.

Су тасқынынан зардап шеккендерге қалай тұрғын үй алуға болады

"Әкімдікке төтенше жағдай салдарынан үйін су басқан немесе қирап қалған жағдайда зардап шеккен адамнан өтініш келіп түседі. Тәуелсіз сараптама компаниясын тартылып, комиссия құрылады, жылжымайтын мүлікті бағалау жүргізіледі. Құрылыстың типі мен жылына байланысты материалдық залал анықталады. Содан кейін комиссия төтенше жағдайларды жою кезінде резервтік қоры бар әкімдікке есеп береді, егер жергілікті бюджетте ақша жеткіліксіз болса, онда республикалық бюджетке сұраныс жасалып, тіркеу жүргізіледі", - деді Юрий Ильин.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная