Көл өлі балыққа толған: БҚО тұрғыны алаңдатарлық видео түсіріп алды

Айнұр Қапышова Корреспондент
Көл өлі балыққа толған: БҚО тұрғыны алаңдатарлық видео түсіріп алды Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Сарыайдын көлінде балық жаппай қырылып қалды. Мамандар мұның алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой городқа" сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Сарыайдын көлінде балық жаппай қырылып қалды. Мамандар мұның алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой городқа" сілтеме жасап.

Не болды?

Жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде көлдің бетінде мыңдаған балықтың өлексесі қалқып жүргені түсірілген видео жариялады. Видео авторы кадрлар 19 наурызда Жаңақазан ауылында түсірілгенін айтты.

Реклама
Реклама

Әкімдік пікірі

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша негізінен мөңке балығы — жасы шамамен бір жылға жетпеген жас балықтар қырылған. Қазір қырылған балықтың жалпы көлемі нақтыланып жатыр.

Мамандардың пікірінше, қырылу себебі балықтар шоғырланған жердегі суда оттегі жетіспеген болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше және салалық қызметтердің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қырылған балықты жинау және жою, аумақты тексеру, сынама алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметі, санитарлық қызмет, табиғатты қорғау ұйымдары мен салалық инспекция өкілдері тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама