26 ақпан 2021 | 16:04

Қоластындағылардың жемқорлығы үшін қанша шенеунік қызметінен кетті?

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоластындағылардың жемқорлығы үшін отставкаға кеткен шенеуніктер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоластындағылардың жемқорлығы үшін отставкаға кеткен шенеуніктер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Саяси жетекшілердің отставкасына қатысты. Заңнама нормасы енгізілген сәттен бастап жеті шенеунік қызметінен босатылды, 10 әкім түрлі тәртіптік жауапқа тартылды.

Соңғы істердің ішінде - Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі өз орынбасарына қатысты сот үкімін күтпей, қызметінен кетті. 12 ақпанда бұл отставка қабылданды", - деді Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Динияр Биғайдаров брифингте.

Сондай-ақ, ол тәртіптік жауапқа тартылған басшылар туралы айтты. 

Реклама
Реклама

"Қоластындағылар жемқорлық жасағаны үшін және оның алдын алу бойынша нашар жұмыс істегені үшін 54 басшы тәртіптік жауапқа тартылды. Оның 48-і - әкімшілік қызметкер, алтауы - квазимемлекеттік сектордың топ-менеджері. Олардың 13-і қызметінен айырылды", - деді Биғайдаров.

Жалпы, оның айтуынша, қазіргі уақытта 71 басшы бақылауда, оның ішінде 15 саяси мемлекеттік қызметкер, 47 әкімшілік және 9 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің топ-менеджері бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная