19 тамыз 2019 | 10:41

Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласы. © Тұрар Қазанғапов

Еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Күндіз 19 тамызда Батыс Қазақстан облысында 31-360С қатты ыстық күтіледі. Орал қаласында күндіз 19 тамызда 34-360С қатты ыстық болады. "Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланысжүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін. ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112", - делінген ескертуде.

Реклама
Реклама

Ал 19-21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 19, тәулік бойы 20-21 тамызда дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең 20-21 тамызда кей жерлерінде тұман болады. Көкшетауда таңертең және күндіз 19 тамызда найзағай күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз 19-21 тамыз күндері тәулік бойы найзағай ойнайды, таңертең және күндіз бұршақ жауады.

Күндіз 19 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, 35 градус қатты ыстық болады.

19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және тәңертең кей жерлерде тұман түседі.

19-21 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Күндіз 19 тамызда Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау қаласында күндіз 19 тамызда 36 градус қатты ыстық күтіледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram