15 шілде 2021 | 19:43

Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның 10 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 10 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 шілдеде күндіз Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағандыда 16 шілдеде оңтүстік-батыстан және батыс бағыттан жел соғады, екпіні - секундына 18 метр.

Реклама
Реклама

Жезқазғанда 16 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан және батыстан екпіні секундына 18 метр болатын жел соғады.

16 шілдеде Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз кей жерлерде найзағай соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Жел екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы ықтимал.

16 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан және батыс бағыттан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метр болады. Өңірдің оңтүстік-батысында өрт шығу қаупі сақталады.

Оралда 16 шілдеде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан және батыс бағыттан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

16 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, найзағай ойнап, екпіні секундына 25 метр болатын жел соғады. Кей жерлерде төтенше өрт шығу қаупі сақталады.

Талдықорғанда 16 шілдеде найзағай күтіледі. Жел соғады, күн күркіреп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

16 шілдеде күндіз Атырау облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Көп жағдайда төтенше өрт шығу қаупі сақталады.

Атырауда 16 шілдеде күндіз 35 градус ыстық болады деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram