29 наурыз 2023 | 10:43

"Қолдау көрсетілетініне кепілдік беремін". Тоқаев кәсіпкерлерге үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев қазір экономиканың нақты мәселелеріне назар аударатын кез келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев қазір экономиканың нақты мәселелеріне назар аударатын кез келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елді жайлаған індет және оның салдары кәсіпкерлерге оңай тимегені анық. Былтырдан бері саяси жүйені жаңғыртуға баса мән бердік. Енді экономикадағы нақты мәселелермен айналысатын кез келді. Бұл жұмысты мықтап қолға алу керек. Біздің басты міндетіміздің бірі – жеке меншікті қорғау және нарықтың бәсекелі болуын қамтамасыз ету. Сол үшін сот және құқық қорғау жүйесіндегі реформаларды жалғастыру қажет", - деді Президент.

Тоқаев еліміздің кәсіпкерлеріне үндеу жасады.

Реклама
Реклама

"Қазақстан – бәріміздің ортақ мекеніміз. Ендеше, қастерлі Отанымызды бірге өркендетейік, болашағымызды бірге құрайық. Мен Президент ретінде Сіздерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне кепілдік беремін.

Біз шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілетін арттыру мәселесіне баса мән береміз. Осы орайда, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеу қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная