Көлгінов астаналықтарға ескерту жасады

Көлгінов астаналықтарға ескерту жасады © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім кеше қаланы жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағалаған.

"Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік.

Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын", - деді Көлгінов.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама