ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2020 | 18:33
Көлгінов елордалық мектеп оқушыларына ақшалай сертификаттар табыстады
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордалық мектеп оқушыларына ақшалай сертификаттар табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордалық мектеп оқушыларына ақшалай сертификаттар табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Оқушылардың білімді болып қалыптасуы мен олардың жетістіктері мұғалімдер мен ата-аналардың еңбегі арқылы келеді. Бұл еңбек бағалануы керек. Бүгін дарынды оқушыларға түрлі олимпиадаларда, соның ішінде халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болғаны үшін 100 мың теңге көлемінде сертификаттар, ал мұғалімдерге сыйақы мен ноутбуктер табыс етілді", - деп жазды ол.
"Әр оқушының сүйікті пәні болады. Біреуі математика мен физиканы ұнатса, енді бірі биологияны оқиды. Әдебиет, география, химия сияқты пәндерді жанына жақын көретіндер де табылады. Жоғары сынып оқушылары болашақ мамандығын таңдап та үлгерген. Оқушылардың бәріне оқуда табыс, зор денсаулық және бақыт тілеймін!"
"Мемлекет тарапынан жағдай жасалып келеді. Мектептер салынып, балалар орталықтары мен үйірмелер ашылып, мұғалімдердің еңбекақысы кезең-кезеңімен көбейтіліп келеді. Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап оқушылар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Балалар қолдаусыз, қорғаусыз қалмайды", - деп жазды өңір басшысы.
Фото: Александр Куприенко
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также