23 маусым 2021 | 16:23

Көлгінов елордалықтарға үндеу жасады: Төсек-орындардың жартысынан көбі толды

Фото: Тұрар Қазанғапов © tengrinews

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тағы да қала тұрғындарына үндеу жасады. Ол астаналықтарды вакцина салдыруға шақырды. Бұл туралы ол Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тағы да қала тұрғындарына үндеу жасады. Ол астаналықтарды вакцина салдыруға шақырды. Бұл туралы ол Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз білетіндей, қаламызда "Дельта" штаммы (үнді штаммы деген атаумен белгілі) инфекциясының алғашқы жағдайлары тіркелді! Науқастар саны азаймай тұр. Өткен тәуліктің өзінде инфекцияның 413 жағдайы анықталды! Мыңнан астам адам инфекциялық стационарларда жатыр. Төсек-орындардың жартысынан көбі толды. Реанимация бөлімінде 100 науқас жатыр. 21 адамға өкпені жасанды желдету аппараты қосылды. Медицина қызметкерлеріне артылған жүктеме бірнеше есе өсті және өсіп жатыр", - деді әкім.

Көлгінов қазір ғылымға қарсы тұратын уақыт емес екенін айтты. Ғылымның көмегімен жыл сайын жер бетіндегі миллиондаған адам денсаулығын сақтап, аман қалады. Ғылым ғана адамды жаңа, қауіпті вирустар мен инфекциялардан сақтануға көмектеседі.

Реклама
Реклама

"Шұғыл түрде вакцинация алу қажет! Вакцинация арқылы өзіңізді, отбасыңызды және айналаңыздағы жұртты қорғай аласыз. Егер коронавирус инфекциясының жұқтыру көрсеткіші азаймаса, қала тұрғындары мен ШОБ нысандары қатаң санитарлық нормаларды сақтамайтын болса, локдаунға қайта оралуымызға тура келеді. Адам денсаулығы мен өмірі қыл үстінде.

Санитарлық нормалардың/карантиндік шектеулердің сақталмауы, кейбір азаматтардың оған бей-жай қарауы салдарынан туындаған жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша карантиндік шектеулер қабылдауға мәжбүрміз. Санитарлық дәрігерлер карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулы дайындап жатыр", - деді ол.

Көлгінов тәуекел тобындағы азаматтарға міндетті түрде вакцина алу керегін айтты.

"Бұл топқа педагогтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мектеп, балабақша, университет қызметкерлері, қызмет көрсету салалары, яғни ХҚО, банктер, СОО/СҮ, шаштараздар, сұлулық салондары, талапкерлер (18 жасқа толған), сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер жатады.

Қала тұрғындарымен тікелей байланыста болатын және жұмыс істейтін қызметкерлер түсінуі керек: ең алдымен өзін және айналасындағы адамдарды қорғауы қажет. Мысалы, қоғамдық тамақтану орындарында/мейрамханаларда немесе СОО-да бөтен адамдармен тікелей байланысатын болсаңыз, ең алдымен вакцинациядан өтіп, өзіңізді және айналаңыздағы жұртты қорғауыңыз керек. Егер аталған ұйым қызметкерлері вакцинацияланбаса, нысанның жұмысы тоқтатылады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram