08 шілде 2022 | 16:58

Көлгінов Нұр-Сұлтандағы стадионға қатысты пара алу дерегі туралы пікір білдірді

Фото: 2gis

Қала әкімі Алтай Көлгінов елордалық стадионға қатысты пара алу дерегін тергеу туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қала әкімі Алтай Көлгінов елордалық стадионға қатысты пара алу дерегін тергеу туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион туралы айтайын. 2020 жылы күрделі жөндеу жобасы бар еді. Құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс жариялап, мердігерді анықтадық. Мердігер жобаны жүзеге асыруға кіріскен бойда құрылым жүктемені көтере алмай, болашақта бұзылу қаупін тудыруы мүмкін екені анықталды", - деді Көлгінов.

Әкім стадионға қатысты сараптама қорытындысы қабылданғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Сарапшылар қорытынды жасады. Бірақ қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегі жағдайды ескере отырып, ақпаратты қайта тексереміз деп ойлаймын. Стадион оң жағалаудағы ауданға қажет, өйткені спортпен, футболмен әуестенетіндер саны артып келеді. Ол жерге жаңа нысан - сол стадионды салу керек", - деп жауап берді әкім.

2021 жылғы қазанда Нұр-Сұлтандағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионды апатты деп таныған. Ғимарат пен көрермен мінбері қиратылып, орнына жаңа кешен салынады.

Еске салайық, бұған дейін Антикор Нұр-Сұлтандағы стадионға қатысты пара алу дерегін тергеп жатқаны белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная