31 қаңтар 2021 | 17:30

Көлгінов спорт кешендерін тиімді пайдалануға шақырды

Фото: Александр Куприенко

Елорда әкімі Алтай Көлгінов спорт кешендерін тиімді пайдалану керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елорда әкімі Алтай Көлгінов спорт кешендерін тиімді пайдалану керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімі Instagram желісіндегі парақшасында спорттық мекемелерді тек кәсіби ойындар үшін қолдануға болмайтынын, балалар да сол жерде жаттығуы керек екенін жазды. Көлгіновтің айтуынша, бұл жас буынға үлкен стимул береді.

Реклама
Реклама

"Қала тұрғындарын спортқа бейімдеп, бұқаралық спортты дамыту үшін саябақтар, скверлер, аулалар, жаңа спорт кешендерін саламыз. Спорт кластері пайда болмақ. Спорт мекемелері тек кәсіби ойындар мен қойылымдарды өткізуге ғана емес, сонымен қатар балаларымызды жаттықтыруға да керек. Бұл жастарды ынталандырады. Өйткені, олар белгілі спортшылар жаттығатын кәсіби алаңда жаттығып, одан да көп тырыспақ", - деп жазды әкім.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

"Спортшылар үшін де, балалар үшін де жағдай жасау үшін бірқатар спорт нысандары жөнделді. "Астана Арена" стадионында өткізілген жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым", - деді Көлгінов. 

"Сонымен қатар, үрлемелі футбол корты жөнделді (Жирентаев көшесі, 15, Б, Алматы ауданы). Онда біз көптен бері жарамсыз болып қалған футбол алаңы мен манежді толығымен алмастырдық. Сондай-ақ, киім ауыстыратын бөлмелер мен ғимарат ағымдық жөндеуден өтті", - деп жазды өңір басшысы. 

Алтай Көлгіновтің айтуынша, қала билігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, федерацияларды одан әрі қолдап, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасамақ. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная