Көлікке газ орнына су құйған астаналық жанармай бекетінің басшылығы жағдайды түсіндірді

Астанада?ы Gas Energy жанармай бекеттері желісіні? клиенттері к?ліктеріне жанармай орнына су ??йылатынына ша?ымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы Gas Energy жанармай бекеттері желісінің клиенттері көліктеріне жанармай орнына су құйылатынына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер осындай жағдайдың видеосын редакцияға жолдады. Видеодан газ құйылатын балоннан судың ағып жатқаны көрінеді. 

"Автогаз Трэйд" ЖШС-ның стратегиялық даму бойынша бас менеджері Шыңғыс Нұрзаханов 28 шілдеде көлікке техникалық жұмыстар өткізу барысында Вишневский көшесіндегі жанармай бекетінің моноблогына газ тасушы көліктен абайсызда су құйылып кеткенін айтты.

Реклама
Реклама

Бұл дерек анықталған кезде 4 адам компанияға шағымданғаны белгілі болды. Газ тасымалдаушы мен жанармай бекеті жұмысын тоқтатып, тазалау шаралары өткізілді. 

"Үш адамға шығын толықтай өтелді. Бір адам байланысқа шықпай отыр. Мұндай алғаш рет болып оыр. Алда мұндайдың қайталануына жол бермейміз және клиенттеріміздің барлық талап-тілектеріне сай болуға тырысамыз", - дейді Нұрзаханов. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама