Көліктегі ІІД WhatsApp мессенджерінен бас тартты

© macdigger.ru

Көліктегі ІІД Мемлекеттік құрылымдарда смартфондар қолдануға тыйым салынуына байланысты WhatsApp кең танымал коммуникация құралын қолданудан бас тартуды шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік органдар құрылымдарының ғимараттарында смартфондар қолдануға тыйым салынуына байланысты ҚР ІІМ Көліктегі ІІД - WhatsApp мессенджерінің 87762008587 номері 2016 жылғы 22 шілдеден бастап құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдауды тоқтатты", - делінген хабарламада. 

Осыған байланысты Көліктегі ІІД азаматтардың ұсыныстары мен шағымдарын Көліктегі ІІД бастығының блогына жолдаулды сұрап отыр екен. Сондай-ақ, Көліктегі ІІД-де Facebook, Twitter, ВКонтакте аккаунттары және "Мой мир" әлеуметтік желісі жұмыс істейтіндігін еске салып отыр. "Біз барлық хабарламаларды нақты уақыт режимінде қабылдаймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, елімізде мемлекеттік қызметкерлерге смартфонды қолдануға тыйым биыл 1 сәуірден бастап салынған болатын. Ал 24 наурыздан бастап Парламент Мәжілісінде ұялы құрылғыларды қолдануға тыйым салынған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама