07 наурыз 2014 18:18

Көлік және коммуникация министрі ауысты

Жеңіс Қасымбек. ©np.kz

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек министр болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ҚР көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылып, көлік және коммуникация министрі қызметіне тағайындалды. Ал Асқар Жұмағалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты көлік және коммуникация министрі қызметінен босатылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram