06 наурыз 2020 | 12:09

Көлік төбесіне адам отырғызған жүргізуші жауапқа тартылды

© polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері көлік үстіне бірнеше адамды отырғызып, жол жүрген жүргізушіні Әкімшілік кодекстің төрт бабымен жауапқа тартатын болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полицейлері көлік үстіне бірнеше адамды отырғызып, жол жүрген жүргізушіні Әкімшілік кодекстің төрт бабымен жауапқа тартатын болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде ВАЗ-2106 автокөлігінің үстінде бірнеше адамның отырып алған видеосы тараған болатын.

Реклама
Реклама

Полиция жүргізушінің кім екенін анықтады. Тексеріс нәижесінде, Ордабасы ауданының тұрғыны 1 наурыз күні көлік тізгінінде отырған сайрамдық азаматқа көлігін сатқаны белгілі болды.

"Тәртіп сақшылары автокөліктің жаңа иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бабы бойынша хаттама толтырды: 230-бап "Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу", 590-бап "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу", 593-бап "Жол жүрісі қағидаларында жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау", 612-бап "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы", - делінген хабарламада.

Көлік тізгінінде болған адам өзінің әрекеті заңсыз болғанын және жолаушылардың өміріне қауіп төндіргенін мойындап, кешірім сұрап, алдағы уақытта қайталамайтынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная