19 қыркүйек 2023 18:00

Көлік тізгіндеген жастар ҮАААЖ бойында тәртіпсіздік жасады

Видео кадрлары

Жастар ҮАААЖ-да тәртіпсіздік жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жастар ҮАААЖ-да тәртіпсіздік жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жастардың жол бойында тәртіпсіздік жасағаны түскен видео пайда болды. Көліктер түнде қарбалас тас жолдағы қозғалысты жауып тастады.

Кадрға сәйкес, қатарға тұрған бірнеше көлік жолды жауып тастаған. Кейін көліктің жарығымен ойнап, артқа қарай жүрген. Көліктің бірінде стробоскоп байқалды.

Реклама
Реклама

Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде пайда болған видеоға жауап берді.

"Алматы облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бауыржан Аленов ПД ОӘК-де тәртіпбұзушылардың жеке басын анықтау бойынша арнайы нұсқау берді. Бұл іс-шараның нәтижесі бойынша құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп мәлімдеді Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram