Көлік үстіне жартылай жалаңаш шыққан елордалық жігіт жазаланды

Көлік үстіне жартылай жалаңаш шыққан елордалық жігіт жазаланды Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда іш киіммен колік төбесіне шыққан ер адам жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда іш киіммен колік төбесіне шыққан ер адам жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жартылай жалаңаш ер адам түскен ролик Instagram-дағы @kris_p_brothers_official  парақшасында жарияланды. Кадрларда түнгі Нұр-Сұлтан көрісі. Алдымен ер адам жүріп келе жатқан көліктің төбесінде отырады, содан кейін үстіне шығып тұрады.

Бірнеше уақыттан кейін көлікті патруль нарядты тоқтатады.

Реклама
Реклама

"Коронавирус миыңда болса", - деген жазба авторы.

Оқиғаны Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді.

"Елордалық полицейлер 24 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі жолаушылар тасымалдау ережесін сақтамады. Оған қоса, уақытша жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен және сақтандыру полисі болмаған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Жүргізуші әкімшілік кодекстің бес бабы бойынша жалпы сомасы 125 010 теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Көлік шатырында жүргізушінің 24 жастағы досы болған. Оған ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша жалпы сомасы 9 723 теңге айыппұл салынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама