03 ақпан 2023 | 15:28

Көлікті ағызып әкеткен: ауыл әкімі түркістандықтарды құтқару оқиғасы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Күні кеше Түркістан облысы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Әкімбаев Арыс өзеніне құйылған тасқын суға ағып кете жаздаған отбасыны аман алып қалды. Ауыл әкімі Tengrinews.kz тілшісіне оқиға қалай болғанын айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Күні кеше Түркістан облысы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Әкімбаев Арыс өзеніне құйылған тасқын суға ағып кете жаздаған отбасыны аман алып қалды. Ауыл әкімі Tengrinews.kz тілшісіне оқиға қалай болғанын айтып берді.

Оқиға Шаян-Мыңбұлақ тасжолында болған. ВАЗ-2106 автокөлігін су тасқыны жолдан ағызып әкеткен.

Ғалымжан Әкімбаевтың айтуынша, отбасы жүкті әйелді жоспарлы тексеруден өткізу үшін ауруханаға бара жатқан. Бір мезетте көлікті жолдан күшті ағын ағызып әкеткен. Адамдар көліктің төбесіне шыққан.

Реклама
Реклама

"Ол кезде ауыл тұрғындарымен басқа аумақта болдық, ауылды су басып қалмасын деп судың бағытын өзгертіп жатқанбыз. Маған біреу телефон соғып, адамдар мінген көлікті ағын су ағызып бара жатқанын айтты. 3-4 жігітті алып, сонда бардық", - деп есіне алады Ғалымжан Әкімбаев.

Көлікте бір отбасы – ер адам, оның жүкті әйелі және олардың баласы болғаны белгілі болды.

"Ол жерге жеткенде адамдар көліктің төбесіне шығып алғанын көрдік. Арқан байлап, көлікке баруды ұйғардық. Мен көлікке жетіп, олардың біреуін ұстадым, жігіттер бізді тартып шығара бастады. Солай екінші адамды да шығарып алдық. Бізді шығарып алған жігіттерге рахмет, оларсыз ештеңе болмас еді", - деді ер адам.

Видеода бір сәтте отағасының суға секіріп, ағыннан шықпақ болғанын көруге болады. Алайда оны су алып кете жаздайды. Кейінірек ол да судан шығарылады. Алайда, көлікті шығару мүмкін болмаған. Оны адамдар эвакуацияланғаннан кейін бірден су ағыны алып кетеді.

Оның айтуынша, әйел мен оның баласы қатты қорқып кеткен, бірақ жалпы олардың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Қазір олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

Ғалымжан Әкімбаев 2022 жылдың сәуірінде Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланған. Бұған дейін ол Республикалық гвардияда, арнайы жасақта қызмет еткен. Ол 47 жаста. Бес қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная