Көліктердің алдына секіріп ойнаған: Алматы облысында оқушының ата-анасы жазаланды

видео кадры

Алматы облысында мектеп оқушысы өтіп бара жатқан көліктердің алдына секіріп ойнаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында мектеп оқушысы өтіп бара жатқан көліктердің алдына секіріп ойнаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының экстремал әрекеті түсірілген видео пайда болды. Онда орта мектеп оқушысының жолда өтіп бара жатқан көліктердің алдына секіріп ойнағаны көрсетілген. Видеода бала көлік жүріп жатқан жолға секіріп, жүк көлігінің алдына шығады да, соңғы сәтте қайта жол жиегіне секіреді.

Реклама
Реклама

Алматы облысының Полиция департаменті полицейлер оқушының жеке басын анықтағанын хабарлады. Ол Казцик ауылындағы №6 мектептің оқушысы болып шықты.

"2010 жылы туған кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБТк-нің 127-бабы "Тәрбие және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғаңыздар", - деді полиция қызметкері.

Тәртіп сақшылары ата-ана баласының тәрбиесіне жауапты болуын, оның ішінде жолда жүру ережелерін үйретуге міндетті екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама