24 қазан 2024 | 10:00

Колледжден кәсіби біліктілікке: жас мамандар KAZ Minerals компаниясынан өз орындарын қалай тапты

Өскемендегі көпсалалы технологиялық колледждің түлектері Рауан мен Елнұр Абаевтардың жетістіктері сапалы білім мен қолдаудың арқасында ірі кәсіпорында жемісті еңбек етуге болатынының жарқын дәлелі. Қос маман "Тағылымдама" бағдарламасын сәтті аяқтап, бірнеше жыл бойы KAZ Minerals Aktogay кәсіпорнында жұмыс істейді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскемендегі көпсалалы технологиялық колледждің түлектері Рауан мен Елнұр Абаевтардың жетістіктері сапалы білім мен қолдаудың арқасында ірі кәсіпорында жемісті еңбек етуге болатынының жарқын дәлелі. Қос маман "Тағылымдама" бағдарламасын сәтті аяқтап, бірнеше жыл бойы KAZ Minerals Aktogay кәсіпорнында жұмыс істейді.

Студенттік өмірден өндіріске дейін

2021 жылы оқуын бітірген Рауан Абаев оқып жүргенде-ақ KAZ Minerals компаниясының іріктеуінен өткен болатын.

Реклама
Реклама

"Бастапқыда мен үшін бәрі тосын көрінді, дегенмен, колледжде алған білім мен біліктіліктің арқасында жұмысқа тез үйрендім. Әсіресе шеберханада жинаған тәжірибенің пайдасы көп тиді. Қазір тау-кен өндірісінде қолданылатын техниканы жоспарлау және жөндеу кешенінде аз тонналы техниканы жөндеуші-слесарь қызметіндемін, бұл кәсіпті таңдағаныма өкінбеймін", - дейді жас маман.

Елнұр Абаевтың механик қызметіне кіріскеніне екі жыл, және ол колледждің өзін еңбек нарығының талабына сай дайындағанын айтады.

"Вахталық әдіс еңбекке баса ден қойып, демалысты дұрыс жоспарлауға қолайлы. Ол физикалық-психологиялық төзімділікті талап етеді. Себебі біз ұзақ уақыт үйден алыста боламыз", - дейді Елнұр.

Ол колледждің қолдауы мен тәжірибеден өту бағдарламасының осы қызметті таңдап, компанияға тез сіңісіп кетуіне көмек болғанын айтады.

KAZ Minerals компаниясының колледждің дамуындағы алар орны

Өскемен көпсалалы технология колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Шынар Кекубаева KAZ Minerals Тобымен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

"2019 жылдан компания электр және газбен дәнекерлеуші, электромонтер секілді мамандықтарға арнап студенттерге грант бөліп келеді. KAZ Minerals Тобының қаржылық көмегі арқылы колледждің техникалық-материалдық базасы айтарлықтай жақсарды. Арнайы бөлінген 250 миллион теңгеден астам қаржыға заманауи станоктар мен басқа да құралдар алынып, электромонтаж және кешенді дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін жаңа шеберханалар ашуға мүмкіндік туды. Онда студенттер алған білімдерін тәжірибеде сынап көріп, нағыз өндіріске дайындалады", - дейді Шынар Кекубаева.

Ол ынтымақтастықтың тағы бір маңызды қадамы – колледждің инженерлік-педагогикалық құрамы үшін KAZ Minerals Aktogay базасында тәжірибеден өту процесінің ұйымдастырылуы екенін атап өтті. Жыл сайын оқу орнының қызметкерлері өндіріс жағдайында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша дәріс алады. Өзара әріптестік басталғалы бері колледждің 12 маманы кәсіпорында тәжірибеден өткен.

Болашаққа бағдар

Шынар Кекубаева KAZ Minerals тарапынан айтарлықтай қолдау болғанына қарамастан компанияның мүшесі атану жолында студенттерді қиын сынақтар күтіп тұрғанын айтады. Тіпті арнайы грант арқылы білім алған үміткерлердің де тестті сәтті тапсырып, сұхбаттасу және 14 ауысымнан тұратын "Тағылымдама" бағдарламасынан өтуі қажет.

"Тек ең таланттылар мен төзімділер ғана KAZ Minerals ұжымының мүшесі бола алады", - дейді ол.

Жарнамалық материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная