ПОДЕЛИТЬСЯ
31 желтоқсан 2021 | 09:31
Колониядағы павлодарлықтың атына Toyota Camry мен Mercedes тіркелген
Темір тордың ар жағында отырған Павлодар тұрғыны бірден екі көліктің иесі болып шықты. Ер адам бұл көліктердің өз атына қай уақытта рәсімделгенін білмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Темір тордың ар жағында отырған Павлодар тұрғыны бірден екі көліктің иесі болып шықты. Ер адам бұл көліктердің өз атына қай уақытта рәсімделгенін білмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
38 жастағы павлодарлық Арсен Байжүнісовтың (аты-жөні өтініш бойынша өзгертілді) өміріндегі оғаш оқиғалар 2009 жылдың жазында орын ала бастады. Ол есірткі таратқаны үшін алты ай түрмеде жазасын өтеп келді. Сол жылдың тамыз-қыркүйек айларында жергілікті қалалық газеттің кейіпкеріне айналғанын біледі.
"Анам "Версия" газетін оқиды. Газеттің бір бетіне әдетте салық борышкерлерінің тізімі жарияланады. Бір жолы сол бетке менің атым шығады. Бұл өте қызық жағдай болды, өйткені менің атыма ешқандай дүние-мүлік рәсімделмеген. Содан кейін әпкем облыстық жол полициясына мән-жайды білу үшін барады. Олар менің атымда Mercedes-Benz автокөлігі бар екенін, көліктің салығы біраз уақыттан бері төленбегенін айтады. Қызметкерлер әпкеме жағдайды толық қарап шығуға уәде берді. Содан кейін мен отырған колонияға екі жедел қызметкер келді. Біраз сұрақтар қойып мән-жайды білгеннен кейін жоқ болып кетті. Бірақ осыдан кейін борышкерлер тізіміне қосылмайтын болдым. Бұл жағдайды ұмытып, жазамды ары қарай өтей бердім", - деп бөлісті Байжүнісов.
Алайда көп жылдардан кейін ол осы жағдайды еске алуға мәжбүр болды. 2019 жылы Павлодардағы азаматтың тіркелген жеріне салық төлемегендігі туралы хат келген. Құжатта 60 мың теңгеге жуық соманы төлеу керек екені айтылған.
"Бұл оқиға мен бостандыққа шыққаннан кейін төрт жыл өткен соң болды. 2015 жылдың қазан айында шартты түрде бостандыққа шықтым, келесі жылы Балқаш қаласына көшіп келдім. Осы жерде жұмысқа орналастым, қазір осында тұрып жатырмын. Алайда, мен салық органдарының неге 10 жылдан кейін өмірімде бұрын-соңды көрмеген көлік үшін салық төлеуді талап етіп жатқанын түсінбедім.
Белгілі болғандай, бұл жолғы қарыз басқа көлік үшін екен. Ол 2007 жылғы Toyota Camry. Ол көлік 2008 жылы 31 желтоқсанда маған берілгенін анықтадым. Бірақ ол кезде, дәлірек айтқанда, сол жылдың қазан айының соңынан бастап мен түрмеде болдым. Ал 2009 жылдың ақпан-наурыз айларында маған үкім шығып, колонияға орналастырылдым. Яғни, құжатта көрсетілген уақытта мен түрмеде болдым және бұл көлік алаяқтарының ісі. Көлік менің атыма қалай рәсімделгенін білмеймін", - деп қосты ол.
Toyota Camry 2007 шығарылымы. Көрнекі сурет infocar.ua сайтынан
Байжүнісов қарыздарын төлеуге әрекет етіп жатқанын айтады. Негізгі салық қарызы 90-100 мың теңге шамасында, сот орындаушыларының да шығыны 50-60 мың теңге.
Ал, Павлодар облысының полицейлері 2008 жылдың 31 желтоқсанында кейіпкеріміздің атына шын мәнінде Toyota Camry көлігінің рәсімделгенін растады. Сонымен қатар, 2009 жылдың 6 қаңтары мен 17 маусымы аралығында ол Mercedes-Benz көлігін өзіне тіркеген.
"ІІМ базасына сәйкес Toyota Camry техникалық байқаудан өткені және сақтандыру шарттарын жасағаны туралы мәліметтер жоқ. Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының деректер базасында бұл машинаға автоматты режимде жұмыс істейтін фотовидеобақылау, "АВТОУРАГАН" АӨК, "Интегра КДД" және Red Speed жүйелерімен тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтары жоқ. Бұл көліктің қозғалысы тіркелген жоқ",-деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, облыстық әділет департаментінің Toyota Camry көлігіне шектеу қойылғанын айтты.
"Жоғарыда аталған көліктерді тіркеуге және есептен шығаруға негіз болған құжаттар жойылды. Бұл 2016 жылғы 12 қазанда ІІМ-нің No977 бұйрығына сәйкес сақтау мерзімінің өтуіне байланысты жасалған. Құжаттарды сақтау мерзімі - үш жыл", - деп толықтырды департамент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также