Колониядағы сотталған әйел схема ойлап тауып, Шымкентте тағы бір миллиард теңге ұрлаған

Колониядағы сотталған әйел схема ойлап тауып, Шымкентте тағы бір миллиард теңге ұрлаған ҚМА баспасөз қызметінің фотосы

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық істі тергеу барысын баяндады. Тергеу мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында екі колледжде жалған оқыту схемасы жұмыс істеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық істі тергеу барысын баяндады. Тергеу мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында екі колледжде жалған оқыту схемасы жұмыс істеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Схема қалай жүзеге асырылған?

Тергеу деректеріне сәйкес, 2018-2023 жылдар аралығында "Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ЖШС мен "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржылық колледжі" ЖШС құрылтайшысы жалған оқытудың тұрақты схемасын ұйымдастырған.

Жарнама
Жарнама

Іс бойынша колледж басшылары, бухгалтерлер және басқа да үлестес тұлғалар күдікті деп танылған.

ҚМА мәліметінше, азаматтарды студент ретінде ресми түрде тіркеген, бірақ іс жүзінде олар оқымаған. Бұл білім беру тапсырысы мен кадрларды қайта даярлау бағдарламалары бойынша мемлекеттік қаржыландыруды алуға мүмкіндік берген.

"Қылмыстық схема оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы жалған бұйрықтарды ресімдеу, құжаттарды растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану, сондай-ақ орындалған жұмыстардың номиналды актілерін жасау арқылы жүзеге асырылған", - деп хабарлады ҚМА.

Бұдан бөлек медициналық колледждің ақылы бөлімінде оқитын студенттердің бір бөлігі мемлекет есебінен білім алушылар ретінде тіркелген.

ҚМА ақпараты бойынша, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржылық колледжі іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаражатын алу үшін пайдаланылған.

Мүлікті бұғаттау және бұлтартпау шарасы

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,3 миллиард теңгеден асқан.

"Айта кетерлігі, схеманы ұйымдастырушы кейінгі үш жыл бойы бұрын жасаған жымқыру дерегі үшін бас бостандығынан айыру орындарында отырып, сол жерден заңсыз әрекетке жетекшілік еткен. Тергеу барысында күдіктілер өз еркімен 65 миллион теңгені өтеді", - деп мәлімдеді ҚМА.

Сот үш пәтерге, оның ішінде Дубайдағы жылжымайтын мүлікке, үш тұрғын үйге және үш автокөлікке тыйым салған.

Екі күдікті қамауға алынған. Тағы үш адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Ведомство өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама