20 тамыз 2021 18:27

"Қолын көтере алмайды". Қоғам белсендісі Арон Атабектің жағдайы нашарлаған

Фото: bureau.kz

Түрмеде жазасын өтеп жатқан ақын әрі қоғам белсендісі Арон Атабектің халі мүшкіл. Ол екі қолын көтере алмайды, серуенге де шықпайтын болған. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазалау мекемелеріндегі зорлықтың алдын алумен айналысатын ұйым өкілдері Атабектің жағдайын айтып, халін желіде жария еткен.

"Павлодар облысындағы абақтыда отырған белсенді екі қолын көтере алмай қалған, тіпті серуендеуге де шыға алмайтын көрінеді. Таксофонға арбамен барады екен. Ақынның аянышты суретін желіде таратқан белсенділер, Аронға рақымшылық жасалуы керек деп талап етіп жатыр", - дейді Aibat журналисі. 

Реклама
Реклама

Арон Атабек 1953 жылы 31 қаңтарда ресейлік Астрахань облысында туған. Ақын, публицист, аудармашы, кино мәселелері туралы сыни мақалалар жазған. 

2006 жылы Алматыда Шаңырақ оқиғасы кезінде үйлерді сүруге қарсы шыққан. Ол жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталып және полицейдің өліміне кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram