12 қазан 2023 | 09:47

Командамен ауысу: жаңа министр неге бұрынғы орынбасарын өзімен алып кетті?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі Жамбыл облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ерболат Ибрайхановтың су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Су ресурстары және ирригация министрлігі Жамбыл облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ерболат Ибрайхановтың су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, қыркүйектің басында Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалған болатын. Ол әкімдіктегі бұрынғы қарамағындағы қызметкері Ерболат Ибрайхановты жаңа министрлікке орынбасары етіп тағайындады.

Министрліктің Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, Ерболат Ибрайханов тариф саясаты мен құрылыс мәселелерін қадағалайтын болады. Оның өзіне сеніп тапсырылған салада сауатты маман екені айтылды – оның монополияға қарсы реттеуде көп жылдық тәжірибесі бар.

Реклама
Реклама

"Ол осы салада 17 жылдан аса жұмыс істеді, бұл оның білімін тарифтік саясатта қолдануға мүмкіндік береді. Ол әкімнің орынбасары ретінде құрылыс мәселелеріне жетекшілік етті", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная