Коммуналдық қызметтер Алматыдағы қарды тазалау жұмыстары бойынша есеп берді

© әкімдіктің Instagram парақшасынан

?ар жауып баста?алы Алматыны? коммуналды? ?ызметі ?ар тазалау ж?мыстарын ж?ргізіп, к?ктай?а??а ?арсы материал шашып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы ?аланы? Таби?и ресурстар ж?не таби?атты пайдалануды реттеу бас?армасыны? ?кілдері м?лімдеді. 

Қар жауып бастағалы Алматының коммуналдық қызметі қар тазалау жұмыстарын жүргізіп, көктайғаққа қарсы материал шашып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері мәлімдеді. 

Басқарманың мәліметі бойынша, қазіргі кезде жолға 1860 тонна көктайғаққа қарсы материал шашылған. Қар тазалау жұмыстарына 1600 жұмысшы және 516 арнайы техника тартылған. 

Қардың қалыңдығы сағат 11:00-де 5 сантиметрге жетті. Қар қаладан желтоқсанның 23-нен 24-не қараған түні жаппай шығарылады.

Реклама
Реклама

"Қардың ары қарай жаууына байланысты, аудандық әкімдіктер мен қаланың коммуналдық қызметтерінде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Әр ауданда қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қызметкері бекітілді", - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама